You are currently viewing Агитация

Агитация

Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Атырау облысының Білім басқармасының ұйымдастырумен 2023 жылы 15 ақпанда қала көлемінде Сағадат Нұрмагамбетовтың атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының өкілдерімен, Курсанттар батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жүмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Темралиев Ерлан Нурахметұлы және Оқу-әдістемелік басқарма білім сапасын бағалау бөлімінің әдіскері полковник Джайлимисов Темирхан Ералханович жетекшілігімен Атырау қаласының номер 41 және 37 мектептерінің бітіруші сыныптарының оқушылары арасында кәсіптік-бағдарлау және үгіт-насихат жұмысы     жүргізілді.
        Күн тәртібінде қаралған өзекті мәселелердің бірі жас буынды, азаматтарды әскерге баулу, патриоттық сезімін қалыптастыру сонымен қатар әскери өмірдің тұрмыс тіршілігі, әскери жоғарғы оқу орындарының ерекшеліктері туралы ескерілді. Әскери оқу орнын бітірген әскери қызметшілер өз ісінің маманы екендігі айтылды. Әскери оқу орындарында жаңа технология және жаңа оқу форматтары жеткізілді. Келтірілген мысалдарымен оқу орынының жетістіктері және әскери институтта берілетін мамандықтар оқушылардың назарын аударып әскери оқу орынына деген сүйіспеншіліктерін оятты