You are currently viewing Курсанттар штаттық оқ ату орындады

Курсанттар штаттық оқ ату орындады

Алматы қаласында Сағадат Нұрмағаметов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының үшінші курс курсанттары танктен штаттық артиллериялық оқ ату жаттығуларын орындады. Сабақ институттың оқу орталығында өтті.
Танктен штаттық артиллериялық оқ ату жаттығулары курсанттардың жинаған теориялық білімдерінің жалпы деңгейін тексеруге мүмкіндік берді. Қойылған міндеттерді барлығы дерлік орындады. Курсанттар штаттық оқ атуды «жақсы» деген бағаға тапсырды.
– «Мен үшін бұл маңызды  шара болып табылады. Себебі мұндай сабақтардың нәтижесі бойынша жауынгерлік білімді бағалауға болады. Штаттық снарядпен оқ атқан адамды толықтай танкист деп атауға болады деп бекер айтылмайды ғой», – деп өз ойымен  курсант Ельдар Окетаев бөлісті.
– «Штаттық оқ ату барысында курсанттар  мақсатты барлауға кіріспе мен оққа қатысты міндеттерді шешу бойынша өз білімдерін көрсетті. Штаттық атудың нәтижелері курсанттардың қару–жарақ кезінде әрекет етуге, нысана жағдайының әр түрлі нұсқалары бойынша жұмыс істеуге бейімделгенін көрсетеді. Сонымен қатар осындай атыстарды өткізу курсанттар үшін өзіндік психологиялық кемелдену емтиханы болады», – деп түсіндірді әскери институттың ату дайындығы кафедрасы бастығы полковник Асқар Майлыбаев.
Ату даярлығы Сағадат Нұрмағаметов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты курсанттарының жауынгерлік дайындық пен далалық машықты жетілдірудегі негіз пәндердің бірі болып табылады. Ол әскери қызметшілерді кез келген қашықтықтан жылдам қарқынмен оқты дәл тигізуді үйретеді. Жоғары атыс шеберлігі курсанттардың кәсіби даярлығы мен бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі кезінде жетілдіріле түседі.
ҚӘӘИ баспасөз қызметі