Сағадат Нұрмагамбетов атындағы Құрлық әскерлер  Әскери институтының әскери қызметшілері ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтады.

Сағадат Нұрмагамбетов атындағы Құрлық әскерлер  Әскери институтының әскери қызметшілері ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтады.

Құрлық әскерлер  Әскери институтының 4 батальон офицерлері Ұлы Отан соғысына қатыстақан 2 ардагерді мерекемен құттықтап қайтты.

Институт әскери қызметшілері  мереке күндері ғана емес, күнделікті негіздеде асыл қазыналарымыздың хал-жағдайларын біліп тұрады. Альма-матер офицерлері, сержанттары және курсанттары соғыс ардагерлерінің  ерліктерін әрдайым естерінде сақтайды, ата-апалардың көп жылдық еңбегі мен зор қызметіне алғыстырын әрқашан білдіруге дайын.

4 батальон офицерлері аға лейтенанттар Тамиев Марат пен Ысраил Бейбарыс  Ұлы Отан соғысының ардагерлері рядовой Айбала Жабатаева мен аға лейтенант Алексанрдра Баранованы құттықтап қайтты. Майдангерлер сыйлықтар мен құттықтауларын қабыл алып, болашақ офицерлермен құштарлана әңгімелесті.

Соғыста әскери дәрігер  болған аға лейтенант Александра Баранова, ұрыс даласындағы жарақат алғын жауынгерлерге далалық госпитальда жарақаттарын емдеп, аман алып қалғаны жайлы сыр шертіп берді.

Институт офицерлері  сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен ардегерлер болашақ офицерлерге  әрдайм батылдық, қайтпас қайсарлық пен беріктіктің ерен үлгісі болатынын жайлы айтып, ардагерлерге сыйлықтарын тапсырды.