You are currently viewing Оқушылармен үгіт-насихат жұмысы жүргізді

Оқушылармен үгіт-насихат жұмысы жүргізді

Алматы қаласының Бостандық ауданының №146 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушыларымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтының ақпаратты-түсіндіру тобы әскери жоғары оқу орынына түсу үшін үміткерлерді іріктеу жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі басқармасының идеологиялық және әскери-патриоттық бөлімінің офицері майор Мурат Кулшаев№ 146 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушыларына офицерлер ұстаханасы жайлы және институттың курсанттарының өмір тіршілігі жайлы әңгімелеп берді, оқушыларды әскери институтқа оқуға түсу қағидаларымен таныстырды. Сонымен қатар оқушылардың назарына институт жайлы фильм көрсетілді.
Айта кетсек, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының тарихы 1970 жылы құрылған И.С.Конев атындағы Алматы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесінен бастау алады.
2020 жылдың 11 қыркуйектегі Үкімет қаулысымен Құрлық әскерлері Әскери институтына Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов аты берілді.
Институттың бас міндеті болып құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірлесе даярлайтын оқу орныдардың тізбесіне еңгізілген. Бүгінде инститтутта Тәжікістан, Қырғызстан елдерінің курсанттары кәсіби білім алуда.
Қазақстан армиясы үшін сардарларды даярлайтын негізігі ұстаханаға айналған осынау білім ошағы әрдайым алдыңғы шепте.
Аида Бектурова ҚӘӘИ баспасөз қызметі