You are currently viewing Алматы қаласының БАҚ өкілдеріне арналған қызықты баспасөз туры уйымдастырылды

Алматы қаласының БАҚ өкілдеріне арналған қызықты баспасөз туры уйымдастырылды

Әскери қызметтін насихатталуын арттыру, қазақстандық армияның оң имиджін мен беделін ілгерлету мақсатында,  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтының өмір тіршілігімен таныстыру мақсатында Алматы қаласының БАҚ өкілдеріне арналған қызықты баспасөз туры уйымдастырылды.
Журналистермен екі деңгейлі әскери-спорттық ойыны өткізілді. Аталған ойынның бірінші кезеңінде  БАҚ өкілдері  кедергілер жолағын бұзып өтіп,  оқу гранаталарын лақтырып, нормативтерді орындауда сайысқа түсті.
Екінші кезеңінде БАҚ өкілдерінің 2 командасымен Құрлық  әскерлер Әскери институтының әскери қызметшілерінің 2 командасы волейболдан сайысқа түсті
Сайыстар нәтижесінде жеңіске жеткен командалар сыйлықтармен және алғыс хатпен марапатталды.
Бірінші турдың жеңімпаздары, тамаша нәтиже көрсеткен қыздар арасында Мақпал Ноғайбаева, Jasqazag.kz  сайтының журналисті, ерлер арасында Алматы телеканалының  журналисті  Олжас Омаров.
Волейболдан 1 орынды «Қазақ журналистері» қыздар тобы алса, 2 орын журналист жігіттерге буйырды.
Сонымен қатар жарысқа қатысқан БАҚ өкілдеріне курсанттық асханада түскі ас ұйымдастырылды.