You are currently viewing «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері қонақта

«Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері қонақта

Алматы қаласында  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында «Жас Сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілері арасында өткен II Республикалық «Қалқан – 2023» қысқы спартакиадасына қатысушы жасөспірімдер Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтында болып қайтты.

  Қазақстаннның бар аймағынан келген оқушылар азат еліміздің құрыш қуатына айналған  айбынды әскердің абыройын арқалаған  бірегей білім ошағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттарының өмір тіршілігімен танысты.

 

Жас сарбазшылар институттың мұражайында, замануи оқу-материалдық базасымен қатар техникалық оқу құралдарымен танысты, курсанттардың казармаларында болды.