Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-материалдық базасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу жоспарларына, оқыту бағдарламалары мен қазіргі заманғы әдістемесіне, ғылыми зерттеулерді орындауға және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға сәйкес барлық мамандықтағы әскери кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге арналған материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешенін білдіреді.
Институттың оқу-материалдық базасының негізгі элементтері:
– кітапхана;
– оқу-жаттығу кешендері;
– оқу-зертханалық база;
– мәдени-демалыс орталығы;
– жалпы әскери және дене шынықтыру дайындығының кешендері;
– институт мұражайы;
– оқу орталығы.