Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының ғылыми-зерттеу бөлімі институттағы ғылыми-зерттеу жұмысы «Ғылым туралы»  Заңға, бұйрықтарға, нұсқаулықтарға және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық нормативтік актілеріне, сондай-ақ институт Жарғысына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы институт ұжымының  қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады, оқу-тәрбие процесімен тығыз байланысты, оқытудың, ғылым мен практиканың тығыз өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге ықпал етеді, мамандарды даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізуге, профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған.

Институттағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

– әскери теория мен практиканың өзекті мәселелері, қоғамдық, жаратылыстану және техникалық

ғылымдардың әскери мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;

– болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

– әскери ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

– елдің қорғаныс қабілетін нығайту мүддесінде ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен байланыстарды жолға қою және дамыту;

– баспа жұмысын ұйымдастыру;

– оқу процесінің тиімділігін және курсанттарды оқыту сапасын арттыру;

– ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар және т. б. ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

– курсанттардың ғылыми шығармашылығын дамыту, оларға зерттеу жұмыстарын дағдыландыру.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің штатына ғылыми-зерттеу зертханасы мен редакциялық-баспа бөлімі кіреді.