You are currently viewing 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсанында Талғар ауданы, Қызылту ауылы, #24 орта мектептің оқушыларымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында экскурсия өткізілді. 

7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсанында Талғар ауданы, Қызылту ауылы, #24 орта мектептің оқушыларымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында экскурсия өткізілді. 

Экскурсия барысында оқушыларды курсанттардың күнделікті тыңыс-тіршілігімен, оқу сабақтарымен, үй-жайларымен және институттың оқу-материалдық базасымен таныстырды. Іс-шара барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, әскери оқу орындарына түсу туралы нұсқау жүргізілді.