You are currently viewing Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты митинг өтті.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты митинг өтті.

Аталған іс-шарада институт жеке құрамы толықтай қатысты. Бүгінгі күні мелекеттік Әнұран ерекше сезіммен орындалғандай сезінді. Саптық алаңға мемлекеттік Елтаңба мен Тудың нышандары алып шығарылды. 

– Біздерде ұлы да, мағынасы зор Елтаңбамыз, Туымыз бен Әнұранымыз бар. Олар – еліміздің ұлттық құндылығы және мақтанышы. Әскери адамдар үшін мемлекеттік рәміздер Отанымыздың бірден-бір атрибуты болып саналып, ерекше құрметтеледі. Біздің әрбір маңызды іс-шарамыз мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталса, саптық алаңдағы тудың көтерілуі тек ең үздік әскери қызметшілерге бұйырады. Бүгінгі мейрам мен үшін еркеше күн болып саналады, себебі менің туған күніммен тұспа тұс келіп тұр, – деп атап өтті бүгінгі туған күн иесі 3 курс курсанты Ернур Туребеков.