You are currently viewing Құрлық әскерлері Әскери институтында оқу жылының алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы өткізілді

Құрлық әскерлері Әскери институтында оқу жылының алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы өткізілді

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында жаңа оқу жылының алғашқы күнінде алғашқы мемлекеттік және құқықтық-дайындық сабағы өткізілді.

Жаңа оқу жылы дәстүр бойынша әскери қызметшілер үшін мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағынан басталды. Аталған сабақты институт бастығы полковник Бауыржан Ибатулин өткізді.

Мемлекеттік-құқықтық дайындық жауынгерлік даярлық бағдарламасына енген пәндердің қатарында айрықша есепте.  Офицердің де, сержанттың да сана-сезімін сілкіндіріп, бойына қазақстандық патриотизм тұрғысындағы тәрбиенің дәнін себер бұл пән әрқашанда маңызды болған.

«Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жоғары жауынгерлік әзірлікті ұстау туралы Қарулы күштердің 2023 оқу жылына жауынгерлік әзірлікті арттыру жөніндегі міндеттері» тақырыбындағы алғашқы сабақтың барысында институт бастығы 2022 жылды қорытындылап, жеке құрамға алдағы 2023 жаңа оқу жылына бірқатар міндеттер қойды.

Қарулы күштерде «Қуатты армия – Жаңа Қазақстан!» ұранымен өтетін алдағы жаңа оқу жылында әскери институттың жеке құрамы жоспарланған жетістіктерге жететіне сенім білдіреміз. 

Аида Бектурова ҚӘӘИ баспасөз қызметі