Іске асырылатын оқыту бағдарламалары

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының оқу қызметі «Әскери істер» оқу бағыты бойынша (2019 ж. 13
мамырда енгізілген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен 2012 жылғы 21 желтоқсанда берілген мемлекеттік № 12019507 лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Әскери институттың негізгі міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері,басқа да әскерерлері мен әскери құрлымдары үшін 4 жылдық оқу мерзімімен әскери мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру;
2.Келісімшарт негізінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери мандарды даярлау;
3.Курстық дайындық аясында офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің біліктілігін арттыру.