You are currently viewing Мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағы

Мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағы

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының алғашқы күні институттың жеке құрамы оқу жылының жаңа кезенінің басталуына байланысты дәстүр бойынша алғашқы мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағынан басталды. Мемлекеттік-құқықтық дайындық жауынгерлік әзірлік бағдарламасына енген пәндердің қатарында айрықша есепте. Әскери қызметшінің сана-сезімін сілкіндіріп, бойына қазақстандық патриотизм тұрғысындағы  тәрбие беретін бұл пән әрқашанда маңызды болған.

  Сонымен қатар, жаңа оқу жылының  бірінші аптасында институт жеке құрамы жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейлеріне келтіру жөніндегі әскери қызметшілердің білімдері мен дағдылары тексеріледі. Жаңа оқу кезеңіндегі жауынгерлік оқумен байланысты іс-шаралар өткізілуде. Олардың мақсаты – институт жеке құрамын  жауынгерлік және жедел басқару жүйесін жетілдіру.

  Институтының жеке құрамымен «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша тактикалық-саптық сабақтары өткізілуде. Ең алдымен, батальондар мен кафедралар деңгейінде, әрі қарай институт деңгейінде,  содан кейін әскер түрлері деңгейінде және Қарулы Күштер ауқымында өтуде. Бұл сабақтардың мақсаты – институттың жауынгерлік және жедел басқару жүйелерін жақсарту, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институттының хабарлама жеткізу жүйесін тексеру.

Бүгінгі таңда институт бойынша кезекшінің пультіне «шұғыл жиналу» бұйрығы келіп түсті, институт жеке құрамымен  хабарландыру жүйесіне сай тиесілі әрекеттер жасалды.

– Әр буындағы командир қарамағындағы жеке құрамның жұдырықтай жұмыла білуін қамтамасыз етуге тырысты. Басты назарда жеке құрамның  сапқа уақытылы тұруы, белгіленген әрі тиесілі қару-жарақ, дүние-мүлік, арнайы жабдық тәрізді қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі, іс-қимылды айқындайтын құжаттар, жоспар кестелерінің бақылануы мен пысықталуы болды. Бұл бейбітшілік кезінде әскери қызметшілерге жүктелетін аса маңызды жауынгерлік міндет, –  деді әскери оқу орынның басшысы полковник Бауыржан Ибатулин.