Әскери-ғылыми қоғам ерікті ұйым болып табылады, оның басым мақсаты курсанттардың әдістемелік дайындығын арттыру, олардың шығармашылық ойлау қабілетін және зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту, әскери-ғылыми зерттеулер әдістемесінің негіздерін зерделеуге жәрдемдесу, әскери-ғылыми жұмысты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының негізгі міндеттері:

– әскери-ғылыми шығармашылыққа қызығушылықты қалыптастыру;

– шығармашылық ойлау мен дербестікті дамыту, оқыту барысында алған білімдерін тереңдету және бекіту;

– әскери ғылымның өзекті міндеттерін шешу үшін неғұрлым дарынды және талантты курсанттарды анықтау, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін пайдалану.