Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында оқу үдерісін келесі кітапханалар қамтамасыз етеді: оқу әдебиет кітапханасы, көркем әдебиет кітапханасы және қызметтік құжаттар кітапханасы бар.

     Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу әдебиеті кітапханасында оқу залы, абонемент және 2 кітап қоймасы бар. Бүгінгі таңда кітапхана қоры білім саласы бойынша 176 525 дана кітапты құрайды. 

      Көркем әдебиет кітапханасының қоры 22898 дана. Қолда бар кітап қоры кітапхана қызметкерлеріне курсанттарға, әскери қызметкерлердің мәдениет және әскери тарих мәселелері бойынша білімдерін тереңдетуде мақсатты жұмыстар жүргізуге, жеке құрамды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге ықпал етуге мүмкіндік береді.

       Кітап қорында келесі кітап фонды  бар: 

– ұлттық әдебиет-4363 дана,

– мемлекеттік тілде-4000 дана

– тарихи әдебиет-1000 дана

– дүниежүзілік әдебиет-2000 дана

– спорт – 1200 дана

– орыс және шетел әдебиетінің заманауи басылымдары-2161 дана

– беллетристика, әдебиеттану және Кеңес дәуіріндегі өнер-8174 дана

Анонс БиблиоРоссика

Доступ к сайту

Кабинет библиотекаря

Ссылка на сайт